Саясат

Асқар Маминнің үкімет басқарғанына бір жыл: Қазақстанда не өзгерді

© Photo : пресс-служба правительства Республики КазахстанПравительство Казахстана
Правительство Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асқар Маминнің Қазақстан үкіметіне басшылық еткеніне бір жыл болды. Ал бұның алдындағы министрлер кабинеті халықты тыңдай алмағаны үшін сынға ұшыраған еді

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Осыдан тура бір жыл бұрын Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болды. Оның кандидатурасын елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Мұны ел күтпеген жаңалық еді дей алмаймыз. Өйткені ол 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Сағынтаев үкіметінде бірінші вице-премьер лауазымын атқарған.

Мамин Назарбаев басшылығымен премьер-министр атанғанымен, бір жылдың басым бөлігінде министрлер кабинетін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарамағында басқарды.

© Официальный сайт Президента Казахстана / AMANТоқаев Маминді қабылдады
Асқар Маминнің үкімет басқарғанына бір жыл: Қазақстанда не өзгерді - Sputnik Қазақстан
Тоқаев Маминді қабылдады

Қасым-Жомарт Кемелұлы қаңтар айында үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, министрлер кабинеті міндеттердің маңыздылығын түсіне отырып, жұмыс жасап жатқанын айтты. Сонымен бірге, президент министрлер мен әкімдер азық-түлік бағасының өсуіне жол бермегенін де атап өтті.

"2019 жылы Қазақстанда инфляция 5,4% құрады. "Қазақстан инфляция деңгейі бойынша "ЕАЭО чемпионы", - деді Тоқаев.

Президент үкімет мүшелеріне олқылықтарды түзетуге мүмкіндік берді және ешкімге, ешқандай сөгіс жарияламады.

"Бірақ көктемде біз өз міндеттерін орындай алмаған шенеуніктерді жұмыстан шығару мәселесін қайта қарастырамыз", - деп мәлімдеді ол.

Ашығын айтқанда, Қазақстан үшін бұл жыл оңай болған жоқ. Бүгінгі Sputnik Қазақстан шолуында Мамин үкіметі қандай проблемалармен бетпе-бет ұшырасып, оны шешудің қандай жолдарын ұсынғаны туралы айтылады.

Табыс ұлғайып, жұмыссыздық азайды

Үкімет 2020 жылға қарай экономикалық өсімді 4,7-5% деңгейінде қамтамасыз ету міндетін алға қойды.

"Бұл жерде негізгі басымдық – экономикалық өсімді қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің жақсара түсуіне айналдыру", - деді Асқар Мамин.

Сөйтіп, 2019 жылдың соңында жалпы ішкі өнім өсімі 4,5% құрады. Халықтың нақты ақшалай табысы 5,5%-ке артып, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке жетті.

Бір жыл ішінде республикада 423 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылса, оның ішінде 279 мыңы тұрақты жұмыс орны ретінде тіркелді.

Әлеуметтік қолдаудың жаңартылған үлгісі

2020 жылдан бастап тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беріле бастады.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт немесе одан да көп балалары (немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері) бар барлық отбасыға табысына қарамай төленуде.

"Бұл көмек ашық әрі әділ үлестіріліп, қоғамды масылдыққа баулымай, керісінше жұмыс істеуге ынталандыра түсуі тиіс", - деді премьер-министр.

Осы бағыттағы тағы бір жаңашылдық – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің ұсыныла бастауы.

Баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері

Елде тұрмысы нашар отбасылардың үй сатып алуы үшін кредит берудің жаңа үлгісі – "Бақытты отбасы" бағдарламасы іске қосылды. Онда кредит сомасының ең төменгі алғашқы жарнасын (10%) төлей отырып, 2 пайыздық несиелендіру жүргізіледі.

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін әрбір отбасы мүшесінің табысы соңғы алты ай ішінде айына ең төменгі екі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (2020 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 62 366 теңгені құрайды).

Жастар үшін жалдамалы тұрғын үй

Өткен жылы үш мың жас Қазақстанның үш ірі қаласында жалдамалы баспанаға ие болды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 1 050, Алматыда 1 050 және Шымкентте 900 пәтерде жастар қоныс тойын тойлады.

Арыс қаласы үш айда қалпына келтірілді

2019 жылдың 24 маусымында Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Арыс қаласындағы әскери қоймада алапат жарылыс болды. Тұтас қала 17 секторға бөлініп, оның әрқайсысына облыстар мен қалалар бекітілді. Осылайша, қала үш ай ішінде қалпына келтірілді.

Қалпына келтіруге 56,1 миллиард теңге бөлінсе, оның 27,5 миллиард теңгесі мемлекеттік қордан және 20 миллиард теңгесі жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен алынды. Қалған ақшаны "Самұрық-Қазына" қоры мен демеушілер салды.

Әр тұрғынға 100 мың теңгеден өтемақы төленіп, жергілікті кәсіпкерлерге 10 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілді.

LRT құрылысы оңтайландырылады

Президент сынаған Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын үкімет соңына дейін жеткізетін болды.

Асқар Мамин жеңіл рельсті жол салу жобасы қайта қаралып, оңтайландырылғанын мәлімдеді. Әкімдік мәліметтеріне сүйене отырып, ол 1 миллиард 200 миллион доллар үнемделгенін айтты.

"Бұл жоба елордадағы қоғамдық көліктің дамуына оң ықпал етеді деп сенемін", - деді Мамин.

2020 жылғы басымдықтар

Үкімет 2020 жылы инвестициялар тарту мен өнімділігі жоғары жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту және экспортқа бағытталған индустрияландыру сияқты стратегиялық бағыттар бойынша жұмысты жалғастырады.

Сағынтаев үкіметі неге отставкаға кетті

2019 жылдың ақпан айында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың үкіметі отставкаға кетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинеті халықпен жұмыс жасау мен адамдардың мәселелерін шешуде оңтайлы жұмыс жасай алмағанын айтты.

Асқар Мамин туралы не білеміз

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноградта туған. 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (құрылыс инженері), 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын бітірген.

Осы кезге дейінгі еңбек жолында ол елорда әкімі (2006-2008), "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ президенті (2008-2016), Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары (2016) қызметтерін атқарды.

Үйленген, бір ұлы мен бір қызы бар.

Жаңалықтар
0