Оқиға

Назарбаев: Қордайдағы жағдай мені қатты алаңдатып отыр

© Photo : Официальный сайт первого президента КазахстанаНа заседании Совета Безопасности под председательством Елбасы рассмотрели ситуацию в Кордае
На заседании Совета Безопасности под председательством Елбасы рассмотрели ситуацию в Кордае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның аймақтық өкілдігі ширақ қимылдап, мұндай жағдайды бақылауда ұстауы тиіс, деді Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Ол Жамбыл облысының Қордай ауданында болған тәртіпсіздіктерге түсініктеме берді.

Тұңғыш президент елдің оңтүстігінде болған оқиғаның салдарынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің барлығына тезірек сауығып кетуін тіледі.

"Қалыптасқан жағдай мені қатты алаңдатып отыр. Біз халқымызбен бірге 30 жыл ішінде көптеген қиындықты бастан өткердік. Жастар бұл проблемаларды елестете де алмайды. Қазақстанда 130 кәсіпорын жұмысын тоқтатты, 2,5 миллион адам жұмыссыз қалды, үйлерде жылу болмады, тамақ тапшылығы болды. Біз мұның бәрінен бірге өттік", - деп Елбасы сайты Назарбаевтың сөзінен үзінді келтірді.

Назарбаев оқиғаның себептерін зерттеп, кінәлілерді заң нормаларына сәйкес жазалауды тапсырды.

"Бұл проблема аға буын өкілдерін алаңдатуы тиіс. Ұлт көшбасшысы ретіндегі менің мақсатым – Қазақстанды болашақ ұрпақ мақтан тұтатындай деңгейге көтеру", - деп атап өтті Қауіпсіздік кеңесінің басшысы.

Оның пікірінше, аға буынның міндеті – қазақстандықтарға тәуелсіз, дамыған және тұрақты мемлекетті күш біріктірудің арқасында ғана сақтауға болатындығын түсіндіру.

Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның аймақтық өкілдігі ширақ қимылдап, мұндай жағдайды бақылауда ұстауы тиіс, деп пікір білдірді Елбасы.

Отырыс барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың баяндамасы тыңдалды.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Салдарынан 8 адам қаза болды. Кейін ауруханада тағы екі адам көз жұмды. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бес полицей жарақат алып, үшеуіне оқ тиді.

8 ақпанда Қордай ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді.  

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты

Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы кісі өліміне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімі Асқар Мырзахметовті қызметінен алып, оның орнына Бердібек Сапарбаевты тағайындады. Өңір басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлушаш Құрманбекова мен Қордай ауданының әкімі Болатбек Байтөле де жұмысына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатылды.

Сонымен қатар президент ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы Азамат Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.


Жаңалықтар
0