Саясат

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық ауыс-түйіс жасады

Жазылу
Тимур Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық ауыс-түйіс жасады.

"Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп жазылған Елбасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін бұл лауазымды иеленген Мұрат Баймұқашев басқа жұмысқа ауысты.

Тимур Тәшімбаев 1965 жылы 25 қыркүйекте Алматыда туған. 2016 жылдан бастап бүгінге дейін Ақмола облысының прокуроры қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Қасымбековтің өкілеттігін ұзартты

Сондай-ақ Қайыргелді Есенеев Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі, Азамат Бейісбеков әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

 

Жаңалықтар
0