21:16 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Саясат
Қысқа сілтеме алу
416 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайтуа бағытталған бірлескен күш-жігер мен қабылданған шараларды атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан - Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Америка құрама штаттарының мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті, деп хабарлады Елбасы сайты.

Әңгіме барысында Майк Помпео Қазақстанның тұңғыш президентіне АҚШ президенті Дональд Трамптың жылы лебізін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайтуа бағытталған бірлескен күш-жігер мен қабылданған шараларды атап өтті.

"Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде біз "Шеврон" компаниясымен келісім жасадық. Осы сәттен бастап Қазақстанға америкалық инвестициялар келді. Бүгінгі таңда бізде 410 бірлескен кәсіпорын бар. Американдық инвестициялардың көлемі 45 миллиард доллардан асты", - деді Елбасы.

Тағы оқыңыз: АҚШ Қытайда қысым көрген этникалық қазақтарға қатысты мәлімдеме жасады

Өз кезегінде Майк Помпео Қазақстанға сапары және келіссөздердің нәтижелері туралы айтты.

"Мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстанның Сыртқы істер министрімен маңызды кездесулер мен келіссөздер өткіздім. Сіз Америка құрама штаттарының бұрыннан келе жатқан досысыз. Елдеріміздің арасында өзара тиімді серіктестік қалыптасқан. Қазақстандағы оң өзгерістер сіздің жеке еңбегіңіз деп білемін. Елдің даму деңгейі де мені тәнті етті, - деді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.

Тақырып бойынша

Ақорда Назарбаев пен Трамптың бірге түскен суретін жариялады
Трамп Назарбаевтан не сұрады: Елбасы АҚШ президентімен арада болған әңгіме туралы айтты
Трамп Қазақстанның жетістіктерін ғажап деп атады
Трамп Қазақстанда гольф бар екеніне таңғалды
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп қандай келісімге келді?
Кілт сөздер:
сәлемдесу, Трамп, Назарбаев, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып