Саясат

Қытайдағы матчты Қазақстанда өткізу ұсынылды - үкімет шешім шығарды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуТеннис. "Ролан Гаррос 2010"
Теннис. Ролан Гаррос 2010 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирус таралуының алдын алу үшін бірқатар қосымша қорғаныс шарасын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар — Sputnik. Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

"4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады. Сондай-ақ, 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды", - деп жазылған хабарламада.

Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирус таралуының алдын алу үшін бірқатар қосымша қорғаныс шарасын қабылдады. Оған сәйкес, 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ, 29 қаңтардан бастап екі ел арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды. 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады. Қытай азаматтарына визалар беру тоқтатылды.

Тағы оқыңыз: Қытайдағы коронавирус: депутаттар қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады

Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағаланатынын айтты. 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген.

Жаңалықтар
0