Саясат

"Біздің борышымыз": Тоқаев Назарбаевтың еңбегін құрметтеуге шақырды

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік жылдары көптеген жетістікке қол жеткізгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетке сіңірген ерен еңбегін бағалап, құрметпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тұңғыш президент – Елбасының баға жетпес тәжірибесі мен білімі әлі де халқымыздың сұранысына ие болады және ел игілігіне пайдаланылады. Мемлекетіміздің негізін қалаушы әке, аса көрнекті мемлекет қайраткері, тарихи ауқымдағы тұлға ретінде оның орасан зор еңбегін құрметтеу біздің борышымыз", - деді Тоқаев Ақордада мемлекеттік наградалармен марапаттау салтанатында.

Президент Қазақстан тәуелсіздік жылдары көптеген жетістікке қол жеткізгенін атап өтті.

"Халық саны екі миллионға көбейіп, тәуелсіздік алдындағы демографиялық дағдарысты еңсердік. Қазір біз 18,5 миллионнан астық. Мемлекетіміздің даму бағдарын өзіміз айқындау мүмкіндігін алдық. Бүгінде еліміздің жаңғыру үлгісін Қазақстан жолы деп айтады. Осындай ауқымды өзгерістерге тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы және көшбасшысы болды", - деді мемлекет басшысы. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев Роза Рымбаеваға құрметті атақ берді

Тоқаев жаһан жұртшылығы Елбасын әлемдік деңгейдегі тарихи тұлға ретінде мойындайтынын айтты.

"Барлық салада толайым табысқа кенелдік деп күмәнсіз айтуға болады. Мұны бүгінгі буын және келер ұрпақ бағалауы керек", - деді ол.

Жаңалықтар
0