22:19 21 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.68
  • EUR506.01
  • RUB5.50
Саясат
Қысқа сілтеме алу
242 0 0

Президент Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік жылдары көптеген жетістікке қол жеткізгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетке сіңірген ерен еңбегін бағалап, құрметпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тұңғыш президент – Елбасының баға жетпес тәжірибесі мен білімі әлі де халқымыздың сұранысына ие болады және ел игілігіне пайдаланылады. Мемлекетіміздің негізін қалаушы әке, аса көрнекті мемлекет қайраткері, тарихи ауқымдағы тұлға ретінде оның орасан зор еңбегін құрметтеу біздің борышымыз", - деді Тоқаев Ақордада мемлекеттік наградалармен марапаттау салтанатында.

Президент Қазақстан тәуелсіздік жылдары көптеген жетістікке қол жеткізгенін атап өтті.

"Халық саны екі миллионға көбейіп, тәуелсіздік алдындағы демографиялық дағдарысты еңсердік. Қазір біз 18,5 миллионнан астық. Мемлекетіміздің даму бағдарын өзіміз айқындау мүмкіндігін алдық. Бүгінде еліміздің жаңғыру үлгісін Қазақстан жолы деп айтады. Осындай ауқымды өзгерістерге тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы және көшбасшысы болды", - деді мемлекет басшысы. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев Роза Рымбаеваға құрметті атақ берді

Тоқаев жаһан жұртшылығы Елбасын әлемдік деңгейдегі тарихи тұлға ретінде мойындайтынын айтты.

"Барлық салада толайым табысқа кенелдік деп күмәнсіз айтуға болады. Мұны бүгінгі буын және келер ұрпақ бағалауы керек", - деді ол.

Тақырып бойынша

Биыл есте қалған ТОП-9 оқиға: Қазақстан президенттері "9" санын неге таңдайды
Қазақстанда мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды
Қазақстанда қанша адамның азаматтығы жоқ екені белгілі болды
Оралман ба, әлде қандас па - министр өзіне қай сөз жақын екенін айтты
Ресей Қазақстанға қанша гектар жерді қайтарады – сенат заң қабылдады
Кілт сөздер:
борыш, Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып