Саясат

Тоқаевтың АҚШ-қа сапарының алғашқы күні қалай өтті – видео

© AP Photo / Andrea VerdelliПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, архивное фото
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапарының бірінші күні Bloomberg компаниясының және БҰҰ өркениеті альянсының басшыларымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіге президенттің АҚШ-қа сапарының бірінші күнінің видеосын жүктеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бәрік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Америка Құрама Штаттарының танымал саясаткерлерімен және сарапшыларымен кездескен. Онда президент Қазақстанның ішкі және сыртқы инвестициялық әлеуеті және халықаралық қатынастар жөнінде сөз қозғаған.

Іскерлік келіссөздер

Сонымен қатар мемлекет басшысы Bloomberg ақпарат агенттігінің негізін қалаушы және иесі Майкл Блумбергпен кездесті. Кездесу барысында қос тарап жаһандық экономикалық мәселелер туралы, әрі Қазақстан мен Bloomberg агенттігі арасында байланыс орнату жөнінде пікір алмасты.

Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа барды 

Мемлекет басшысы 25 қыркүйек күні Нью-Йорк қаласында өтетін ғаламдық бизнес форумның маңыздылығын атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, бұл шарада қазақстандық тарапты "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов бастап барады.

Сондай-ақ Қазақстан президенті БҰҰ өркениеті альянсының басшысы Мигель Анхел Моратиноспен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапарының екінші күнінде БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы аясында трансұлттық компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Қазақстан президенті АҚШ-қа Нью-Йорк қаласында өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысу үшін келген болатын. 

Жаңалықтар
0