Саясат

Мемлекеттік дума төрағасы әріптестерін проблемаларды ашық айтуға шақырды

© Sputnik / Владислав ВодневПредставитель Российской Федерации на совещании спикеров парламентов стран Евразии
Представитель Российской Федерации на совещании спикеров парламентов стран Евразии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік дума басшысы депутаттардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін еске салды. Спикер оларды өзекті ішкі саяси және әлемдік проблемаларды талқылау барысында екіұшты стандарттардан бас тартуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин Еуразия парламентшілерін маңызды проблемаларға, халықаралық келісімдердің бұзылуына қатысты пікір білдіруге шақырды. Бұл туралы ол Қазақстан астанасында өтіп жатқан Еуразия парламенттері спикерлерінің кеңесінде айтты.

Председатель Государственной Думы РФ Вячеслав Володин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Ресей мемлекеттік думасының делегациясын қабылдады
Мемлекеттік дума төрағасының айтуынша, халықаралық парламенттік құрылымдар тең құқық қағидаларына сүйене отырып, проблемалардың шешімдерін талқылау және әзірлеу үшін құрылған. Дегенмен қазіргі уақытта дау туғызатын бағалау және мониторингке әуес саяси ұйымдардың рөлі артып келеді. Бұл өз кезегінде пайдадан гөрі зиян әкеледі.

"Екіұшты стандарттар халықаралық қатынастың әдеттегі әдісіне айналғаны соншалық, бұған қазір ешкім көңіл бөлмейді", - дейді Володин.

Атап айтқанда, мемлекеттік дума басшысы ғаламдық қауіпсіздік саласындағы келісімдердің бұзылғанын айтты. Ол АҚШ-тың орташа және жақын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарттан шыққанын еске салды.

"Егер бұл бүкіл әлемдік қауымдастық үшін қауіпті болса, біз әлемді сақтап қалуға қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Бүгінгі жағдайда үндемей қалуға болмайды, бұл қауіпті", - деді Володин.

Ол депутаттардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін еске салды. Сондай-ақ, Еуразия елдері парламент спикерлері кеңесінің форматын заңды үйлестіру аясында нақты шешімдер шығару, есірткі трафигіне қарсы күрес, қауіпсіздік және өңіраралық ынтымақтастық мәселелері, көші-қон саясаты жөніндегі үлгілік заңдарды әзірлеу үшін пайдалануды ұсынды.

"Лаңкестік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасауға мүмкіндік беретін терроризммен күрес жөніндегі үлгілік заңдарды ұсыну қажет. Бұл парламентшілер тарапынан лаңкестікпен күреске қосылатын нақты үлес болар еді", - деді Володин.

Сөз соңында Вячеслав Володин спикерлер кеңесінің форматы ауқымды халықаралық шара деңгейіне өскенін атап өтті.

Бұған қоса, ол Нұрсұлтан Назарбаевқа 25 жыл бұрынғы еуразиялық интеграция бастамасы үшін алғысын білдірді. Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің саны артып келеді, деді мемлекеттік дума төрағасы.

Жаңалықтар
0