Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа барды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуНью-Йорк
Нью-Йорк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы 23 қыркүйек күні өтетін  Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүйсенбі таңертең (жергілікті уақыт бойынша жексенбі түнде) Нью-Йорк қаласына барды, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Президент Нью-Йоркте өтетін Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысады. Оның аясында көптеген шет мемлекеттердің басшыларымен екі жақты кездесулер өтеді. Алғашқылары елорда уақыты бойынша бүгін 23:00-де басталады.

Президенттің АҚШ-қа келуі қарсаңында америкалық беделді басылым “The Hill” газетінде оның мақаласы жарық көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық инвесторлармен әріптестікті арттыруға ниетті екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан нарығында АҚШ компаниялары көп болуы тиіс деген ойын жеткізді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев неге бірнеше маңызды ауыс-түйіс жасағанын түсіндірді

Биыл Бас Ассамблеяның сессиясында кедейлікті жою, сапалы білімді дамыту сынды мәселелер талқыланады.

Қазақстан президенті тұрақты даму, азық-түлік қауіпсіздігі, білім және денсаулық сақтау салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселесін қозғайды.

Жаңалықтар
0