Саясат

Қытаймен бірлескен жоба: Қазақстанда ядролық отын өндіру зауыты салынып жатыр

© РИА НовостиЯдерное топливо
Ядерное  топливо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытай атом энергетикасының қажеттілігі үшін қазақстандық өнімнің экспорттық көлемін сатып алмақ. Бозымбаев ұсынысты қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Қытайға уран жеткізілімдерін ұлғайтуға ниетті. Бұл мәселені Қазақстанның энергетика министрі МАГАТЭ бас конференциясының 63-сессиясы аясында Қытай Халық Республикасы атом энергиясы агенттігінің төрағасымен талқылады.

Бозымбаев Қытай мен Қазақстан атом саласында көп жылдан бері бірге қызмет істеп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде екі елдің компаниялары Қытайға отын таблеткаларын жеткізуде, сондай-ақ Қазақстанда Қытай атом электр станциясы үшін ядролық отын өндіру зауытын бірлесіп салып жатыр.

Тағы оқыңыз: "Бас тарта алмаймыз": вице-премьер Қытаймен бірлескен 55 жоба туралы айтты 

Бозымбаев Қытай атом энергетикасының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық өнімнің экспорттық көлемін сатып алу туралы қытай тарапының ұсынысын қолдады, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство басшысы сондай-ақ Қазақстан Үндістанның Атом энергиясы департаментімен уран жеткізу бойынша жаңа келісімшарттарға қол қоюға дайын екендігін атап өтті. Тараптар атом саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаласты.  

Энергетика министрі "Росатом" мемлекеттік корпорациясының өкілдерімен де кездесті. Тараптар ВОУ-НОУ ("Росатом" МК) келісімінің орындалуын, сондай-ақ 2018-2020 жылдары Қазақстанда уран өндіруді азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижелерін талқылады, бұл нарықтағы уран бағасына оң әсер етті.

Жаңалықтар
0