Саясат

Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы жаңа тарихи кезеңге өтті - Ли Чжаньшу

© Photo : Ақорда сайтынан алынғанҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР-дың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР-дың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Тоқаевтың мемлекеттік сапары үлкен жетістікпен аяқталғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-дың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың парламентаралық ынтымақтастығы жайы талқыланды. Екі тарап та бұл қарым-қатынастың жұмысын оң бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжаньшуды ҚХР-дың 70 жылдық мерекесімен құттықтап, Қытайға мемлекеттік сапары барысында жасалған өзара тиімді уағдаластықтар жөнінде айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев пен Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойды

"Кешегі келіссөздер сәтті өтті. Қытай - Қазақстанның үлкен көршісі. Сондықтан біз екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастығымызды ескере отырып, төраға Си Цзиньпинмен бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Онда біздің әріптестігіміз стратегиялық және ұзақ мерзімді мәнге ие екені көрсетілген. Бұл сапарымның қорытындыларына қанағаттануға барлық негіз бар", – деді президент.

Мемлекет басшысы екі елдің парламентаралық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту перспективалары туралы айта келіп, осы жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия парламенттері спикерлері IV кеңесінің маңыздылығын да атап өтті.

"Сіздің Қазақстанға үш рет келгеніңізді білемін. Жақын арада сіз Қазақстанға тағы келесіз. Бірақ бұл сапарыңыз Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы ретінде болатындықтан, оның жөні де бөлек болмақ. Біз сіздің сапарыңызды зор ықыласпен күтеміз,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ли Чжаньшу Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, оның Си Цзиньпинмен келіссөздерінің нәтижелі өткеніне тоқталды.

Тағы оқыңыз: Қытаймен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделіміз - Тоқаев

"Кеше Сіз бен Төраға Си Цзиньпиннің арасында сенімді әрі жемісті келіссөздер болды. Кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасулар өтті. Соның нәтижесінде бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Онда екі көшбасшы да тараптар стратегиялық әріптестікті дамытады деп мәлімдеді. Осылайша, сіздің Қытайға сапарыңыз үлкен жетістікпен аяқталды. Ал Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы жаңа тарихи кезеңге өтті",– деді Ли Чжаньшу.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте мемлекеттік сапармен Қытайда болады. Мемлекет басшысы Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысты және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқыды.

Сондай-ақ Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жасап, екі ел басшысы 10 маңызды құжатқа қол қойған.

Жаңалықтар
0