Саясат

Назарбаев жұмыс сапарымен Ресейге барды

Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президенті Мәскеу қаласы күніне арналған мерекелік шараларға қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек— Sputnik.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  7 қыркүйек, сенбі күні Ресейге барды, деп жазды өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

​Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің павильонына барады. Ресейдегі Қазақстанның мәдениет күндерін ашады.

Шара сенбі, 7 қыркүйек күні өтеді. Бұл күні ВДНХ-ның басты сахнасында мерекелік Гала-концерт болады, деп жазылған Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ресми сайтында.

Ресейдегі Қазақстанның мәдениет күндері

ВДНХ-ның басты сахнасында "Астана балет" театрының солистері өнер көрсетеді.

"Голос.Дети-4" (Украина) теле жобасының жеңімпазы Данэлия Төлешова ән шырқайды деп күтіліп отыр.

9 -11 қыркүйек күндері Мәскеу алаңында қазақстандық фильмдер көрсетіледі.

Жаңалықтар
0