Саясат

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен босатылды

Жазылу
Ертісбаевтың орнына Қазақстанның Беларусьтегі елшісі болып Асқар Бейсенбаев тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанның Беларусьтегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген жарлықта.

Оның орнына Қазақстанның Беларусьтегі төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып Асқар Бейсенбаев тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы басы дауға қалған вице-министрді қызметінен алып тастады

Айта кетсек, Ермұхамет Ертісбаев – Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері. 2006-2008 жылдары мәдениет және ақпарат министрлігін басқарған. 12 жыл бойы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Жаңалықтар
0