Саясат

№001 марапат: Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа медаль тапсырылды

© Sputnik / Владислав ВодневНазарбаев Орталығы. Қазақстанның Тұңғыш президентінің кітапханасы
Назарбаев Орталығы. Қазақстанның Тұңғыш президентінің кітапханасы   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ұлт көшбасшысын марапаттауға шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқаны үшін марапат алды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мәліметінше, жоғары кәсіподақ марапатын құру туралы шешімді Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы орталық комитетінің президиумы қабылдаған.  

© Photo : предоставлено пресс-службой федерации профсоюзов КазахстанаҚазақстан кәсіподақтар федерациясының басшылығы мен Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков
№001 марапат: Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа медаль тапсырылды - Sputnik Қазақстан
Қазақстан кәсіподақтар федерациясының басшылығы мен Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков

"Кәсіподақ қозғалысын дамытуға, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға және сақтауға, мемлекеттік қызметшілердің салалық кәсіподағын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін және кәсіби мереке – мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты "Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің "Кәсіподақ қайраткері" №001 медалімен марапаттау туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттеріне орден тақты 

Кәсіподақ марапаты Елбасы кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбековке тапсырылды.

Жаңалықтар
0