Саясат

Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерлан Айтаханов бұған дейін Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі болған

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Шымкент қаласының әкімі қызметіне Ерлан Айтаханов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта.

Жаңа әкім бұл қызметте Ғабидолла Әбдірахымовты алмастырды. Бұған дейін Ерлан Айтаханов Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі қызметін атқарған.

Ерлан Айтаханов туралы не білеміз?

Ерлан Айтаханов 1971 жылы 10 желтоқсанда бұрынғы Шымкент облысы Алғабас ауданында туған.

© Photo : Информационный портал ernur.kzЕрлан Айтаханов
Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Ерлан Айтаханов

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы Alem Bank Kazakstan кредит беру департаментінің экономисі болып бастаған. 1995-2012 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің кредит беру департаментінің бас маманы, "Қазақстан темір жолы" қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының бастығы, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің бастығы болып жұмыс істеген.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған. 2014 жылғы қазан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016 жылдан бастап Отырар ауданының әкімі болды.

Тағы оқыңыз: Ғабидолла Әбдірахымов туралы қызықты деректер

Қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгерген.

Бұрынғы сенатор Қуаныш Айтахановтың баласы.

Үйленген, екі ұлы бар.

Жаңалықтар
0