Саясат

Тоқаев президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысын тағайындады  

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан парламентінің ғимараты
Қазақстан парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл қызметке Қазақстанның Әзербайжандағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі келді  

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің парламенттегі өкілдігінің жаңа басшысын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан Республикасы парламентіндегі өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды", - деп жазылған жарлықта.

Ол Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайрат Нұрпейісов басқа жұмысқа ауысты.

Тағы оқыңыз: Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды

Бейбіт Исабаевтың өмірбаяны

1962 жылы 4 желтоқсанда Алматы облысындағы Бақанас ауылында дүниеге келген.1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1999 жылы Қазақстан СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. Саяси ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін алған.

1985-1994 жылдары БАҚ-та жұмыс істеді, "Өркен – Горизонт" газетінің бас редакторы, Қазақ мемлекеттік телевизиясының бас директоры болды.

1994-1997 жылдары Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.  

1997-1999 жылдары – СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.

2002 жылы  Қазақстан Республикасы атынан "Орталық Азия ынтымақтастығы" ұйымының қызметін ұлттық үйлестіруші болып тағайындалды.

Әр жылдары Қазақстанның Пәкістан, Түркия, Албания, Әзербайжан, Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі болды.

2008 жылғы ақпан-тамыз айларында – ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2008-2009 жылдары – Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы.

"Парасат", "Құрмет","За заслуги" (ТМД) ордендерімен, ҚР Құрмет грамотасымен және көптеген медальмен марапатталған.

Жаңалықтар
0