Саясат

Тоқаев: шешім қабылдаған кезде халықтың пікірі сөзсіз ескеріледі

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық мәселелер бойынша шешім қабылданған кезде, халықтың басым бөлігінің позициясы ескерілетінін айттын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан қазіргі замандағы сын-қатерге экономикалық, әлеуметтік және саяси прогресс арқылы ғана тойтарыс бере алатынын атап өтті.

"Біз әлемге ашықпыз, үздік жетістіктер мен жетекші технологияларға ұмтыламыз. Десе де, билік халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, жергілікті жерлерде проблемаларды шешіп, азаматтар алдында тұрақты түрде есеп беріп тұруға міндетті. Уәде беріп емес, нақты іспен көрсетуі керек. Үкіметтің барлық мүшесі мен әкімдер осыны ұмыптағаны абзал", - деді президент ұлықтау рәсімінен кейін.

Тоқаев қандай да бір шешім қабылданар кезде халықтың пікірі ескерілетінін айтты.

"Мен үшін президент ретінде ең маңыздысы – экономикалық дамудың жалпы цифрлары емес, барша азаматтың нақты әл-ауқаты. Сондықтан стратегиялық мәселелер бойынша шешім қабылданған кезде, халықтың басым бөлігінің позициясы сөзсіз ескеріледі", - деді мемлекет басшысы.

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті
Тоқаев: шешім қабылдаған кезде халықтың пікірі сөзсіз ескеріледі - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті

Ол мемлекеттік биліктің формуласы мықты әрі өкілетті президент, ықпалды және іске жарамды парламент, халыққа есеп беретін үкіметтен құралатынын атап өтті.

"Дәл осы саяси жүйе күрделі геосаяси ахуал жағдайында біздің мемлекеттің толық қажеттіліктеріне сай келеді және алда тұрған стратегиялық міндеттерді орындауға септігін тигізеді", - деді президент.

Жаңалықтар
0