Саясат

ШЫҰ миссиясының басшысы Қазақстандағы президент сайлауына баға берді

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтан тұрғындары дауыс берді
Нұр-Сұлтан тұрғындары дауыс берді  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дауыс беру кезінде сайлаудың заңдылығына күдік келтіретін әрекеттер жасалмады, деп атап өтті миссия

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым — Sputnik. ШЫҰ бақылаушылары миссиясының басшысы – ұйымның бас хатшысы Владимир Норов Қазақстан президенті сайлауын бақылау жөнінде есеп берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Миссия Қазақстанда өткен президент сайлауын сенімді әрі ашық деп мойындайды. Кезектен тыс президент сайлауы республиканың сайлау заңнамасы мен ел қабылдаған халықаралық міндеттемелердің талаптарына сай келді. Мисия кезектен тыс сайлаудың заңдылығына күдік келтіретіндей ұлттық заңнама нормаларының бұзылғанын байқамады", - деді Владимир Норов Нұр-Сұлтан қаласындағы баспасөз мәслихатында.

© Sputnik / Нурила ТуржанШЫҰ бас хатшысы Владимир Норов
ШЫҰ миссиясының басшысы Қазақстандағы президент сайлауына баға берді - Sputnik Қазақстан
ШЫҰ бас хатшысы Владимир Норов

Ол сондай-ақ кезектен тыс сайлау елдегі демократиялық үдерістерді одан әрі дамыту жолында маңызды қадам болғанын атап өтті.

"Миссия Қазақстан халқын республика президентінің сайлануымен құттықтайды, тәуелсіздікті, егемендікті нығайтуда сәттілік, жаңа жетістіктер мен гүлдену тілейді", - деді ШЫҰ бақылаушылар миссиясының басшысы.

Сондай-ақ Норов шағымдар мен ескертулер түспегенін атап өтті.  

© Sputnik / Нурила ТуржанШЫҰ бақылаушылар миссиясының баспасөз конференциясы
ШЫҰ миссиясының басшысы Қазақстандағы президент сайлауына баға берді - Sputnik Қазақстан
ШЫҰ бақылаушылар миссиясының баспасөз конференциясы

Бұдан бұрын хабарланғандай, Шанхай ынтымақтастық ұйымының миссиясынан 28 адам бақылау жүргізді.

ШЫҰ миссиясы сыртқы істер министрінің шақыруымен Нұр-Сұлтанда жүр. Қазақстандағы кезектен тыс сайлауды бақылау ұйымның 48-ші миссиясы болды.

Естеріңізге сала кетейік, кезектен тыс Қазақстан президенті сайлау 9 маусымда өтті. Мемлекет басшысы лауазымына жеті кандидат таласты. Exit poll қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастап келеді.  

Жаңалықтар
0