Саясат

Кандидат Төлеутай Рақымбеков отбасымен бірге дауыс берді – фото

© Photo : Штаб кандидата Толеутая РахимбековаПрезиденттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков
Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төлеутай Рақымбеков Ұлттық музейдегі сайлау учаскесіне таңғы сағат 10:00-де келді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. "Ауыл" партиясы атынан сайлауға түскен Төлеутай Рақымбеков өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кандидат Ұлттық музейдегі сайлау учаскесіне таңғы сағат 10:00-де келген.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың бюллетені урнаның аузында тұрып қалды - видео

Рақымбеков сайлауға отбасымен бірге келді. Жанында әйелі Салтанат Рақымбекова, қызы – Әлия Рақымбекова мен Тимур және Әлихан есімді екі немересі болды. Бүгін Әлиханның туған күні екен. 

© Photo : Штаб кандидата Толеутая РахимбековаПрезиденттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков жары, қызы және немерелерімен бірге
Кандидат Төлеутай Рақымбеков отбасымен бірге дауыс берді – фото - Sputnik Қазақстан
Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков жары, қызы және немерелерімен бірге

Президент сайлауы қалай өтіп жатыр

Елорда уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 35,1%-і дауыс беріп үлгерді.

Айта кетсек, сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.

Учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр. Президенттікке кандидаттардың бәрі өз таңдауын жасады.

Жаңалықтар
0