Саясат

Тоқаев Литва президентін құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Гитанас Науседаға мол табыс, ал достас Литва халқына бақ-береке тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва Республикасының президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаға Литва Республикасының президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

"Жусан" гуманитарлық операциясының соңғы кезеңі - Тоқаев мәлімдеме жасады

"Мемлекеттеріміз арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастардың одан әрі жалғасатынына, халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін. Сізге аса жауапты қызметіңізде мол табыс, ал достас Литва халқына бақ-береке тілеймін", – делінген жеделхатта.

Тоқаев бас прокурорды қабылдады

Айта кетсек, 27 мамыр күні Литвадағы президент сайлауында тәуелсіз кандидат – 55 жастағы экономист Гитанас Науседа жеңіске жетті. Ол 68,4 процент дауыс жинаған. Науседаның қарсыласы, елдің бұрынғы қаржы министрі Ингрида Шимонитені сайлаушылардың 30,3 проценті қолдады.

Жаңалықтар
0