Саясат

ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитінде Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев құрметті мәртебені еуразиялық интеграция туралы идеяның авторы ретінде алды

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді - ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Әбішұлына Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды. Қазақстан атынан аталған бастама үшін Ресей президентіне жеке және оны бірауыздан қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылығымды білдіремін", - деді Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Оның айтуынша, Ресей төрағалық еткен былтырғы жыл Еуразиялық эконномикалық одақ үшін оқиғаларға толы әрі жемісті жыл болды. Кеден кодексі күшіне енді, Қытай және Иранмен халықаралық шарттарға қол қойылды, Молдова Ресубликасына бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді.

© Sputnik / Владислав ВодневЕАЭО-ға мүше елдердің мемлекет басшылары мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отырыстың алдында суретке түсті
ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитінде Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді - Sputnik Қазақстан
ЕАЭО-ға мүше елдердің мемлекет басшылары мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отырыстың алдында суретке түсті

Тоқаев мерейтойлық отырыс Арменияның төрағалығымен өтіп жатқанын атап өтті. Қазақстан президенті армян әріптестеріне табысты төрағалық пен алға қойылған міндеттерге қол жеткізуді тіледі.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Назарбаевтың одақты құрудағы ерекше рөлін атап өтті.

"Осыдан 25 жыл бұрын ол алғаш рет еуразиялық интеграция идеясын ұсынған болатын, ал бес жыл бұрын бұл бастама жүзеге асты", - деді Пашинян.

Ол Еуразиялық экономикалық одақтың оған мүше елдердің экономикасы мен бизнесіне жаңа мүмкіндіктер ашып, жоспарлы түрде дамып келе жатқанын айтты.

"Одақтың халықаралық серіктестері де жылдан-жылға артып келеді. Қазір Вьетнам, Египет, Сингапур, Сербиямен белсенді келіссөздер жүріп жатыр. Бұл келіссөз процесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, нақты нәтижелерге әкеледі деген үміттемін. Біздің мақсатымыз – ЕАЭО-ны одан әрі дамыту бағытында жұмыс істеу, оны халықаралық серіктестер үшін тиімді әр тартымды ету. Бүгін қабылдайтын шешімдер одақтың дамуына септігін тигізетініне сенімдімін ", - деді Пашинян.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО-ның 5 жылдық мерейтойына орайластырылған Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр. 

© Sputnik / Владислав ВодневЕАЭО-ға мүше елдердің мемлекет басшылары мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитінде Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді - Sputnik Қазақстан
ЕАЭО-ға мүше елдердің мемлекет басшылары мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысуда. 

Сондай-ақ, отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет Молдованың президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон мен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев келді. 

© Sputnik / Владислав ВодневЕуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік тулары
ЕАЭО-ның мерейтойлық саммитінде Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді - Sputnik Қазақстан
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік тулары

Еске сала кетсек, ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды.

Жаңалықтар
0