Саясат

Медведев ЕАЭО кеңеюі мүмкін екенін мәлімдеді 

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуДмитрий Медведев
Дмитрий Медведев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей премьер-министрі телеарналардың біріне сұхбат берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құрылғанына бес жыл толуына байланысты Ресей 24 телеарнасына берген сұхбатында ЕАЭО кеңеюі мүмкін екенін айтты.

"Біздің одақ ашық, қазір бізде бақылаушылар да бар, құрамы да кеңеюі мүмкін", - деді Ресей Федерациясы үкіметінің басшысы.

Сонымен бірге Медведев ЕАЭО-мен өзара әрекеттесуге 100 ел қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта өте маңызды халықаралық ойыншылар – Сингапур, Израиль, Үндістан және бірқатар басқа елмен келіссөздер жүргізілуде. ЕАЭО 180 миллионнан астам тұтынушысы бар бірыңғай нарық саналады.

ЕАЭО-ның алғашқы "бесжылдығы" қорытындыланды

ЕАЭО мен Вьетнам арасында еркін сауда туралы келісім қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр, Иран және Қытаймен құжаттарға қол қойылды. Медведевтің айтуынша, одақтың пайда болуы есебінен екі жақты сауда және үшінші елдермен сауда-саттық ұтты.

"Интеграцияның жемісі айқын, интеграциялық одақтың әсері бұдан да жоғары болуы керек екеніне сенімдімін. Біз серіктестерімізбен міндетті түрде жұмыс істейміз", - деп түйіндеді Медведев.

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді, ол екі мерейтойлық дата – Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясына 25 жыл және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толуына орайластырылмақ.

Іс-шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады.

Молдова президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылаушы - мемлекет басшысы, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен ТМД атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев құрметті қонақ ретінде қатысады.

Жаңалықтар
0