Саясат

Президенттікке кандидаттар арасындағы теледебаттың қашан өтетіні белгілі болды

© Photo : Pixabay / Rudy and Peter SkitteriansМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үміткерлер арасындағы теледебат 29 мамыр күні өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Президенттікке кандидаттар арасындағы теледебат 29 мамыр күні "Хабар" арнасында көрсетіледі. Орталық сайлау комиссиясы өткізу тәртібін мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комиссия мүшесі Ляззат Сүлейменнің айтуынша, теледебатты тікелей эфирде өткізу мәселесін телеарна өзі шешеді. Дегенмен, заң аясында айтылған сөздердің барлығы халыққа көрсетіледі.

Тағы оқыңыз: Сайлауға қатысты сауалнама жүргізгендер жазаланды

"Теледебат, кем дегенде, 80 минутқа жалғасады. Кандидаттардың барлығына тең уақыт беріледі. Қатысушылар пікірталастарды өткізу регламентін сақтап, басқа қатысушыларды кемсітетін айыптаулардан, жалған, абырой мен қадір-қасиетін қорлайтын сөздер айтудан аулақ болып, пікірсайысты әдеп нормаларына сай өткізуі тиіс. Тәртіп бұзушылықтар болса, теледебатты тоқтату қарастырылған", - деді Сүлеймен арнайы баспасөз мәслихатында.

"Хабар" агенттігі" АҚ басқарма басшының орынбасары Ринат Кертаев тікелей эфир мәселесін нақтылай алмады.

"Қазір телевизиялық пікірталастың тікелей эфирде немесе жазба түрінде өтетіндігі талқыланып жатыр. Мен осы жиналыстан кейін пікірсайысты өткізетін жұмыс тобының отырысына қатысамын. Сол жерде талқыланады. Бізде кәсіби мамандар бар. Олармен ақылдаса отырып, тиімді бір ұсыныс жасайтын боламыз", - деді Кертаев.

Теледебаттың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық басымдықтары жайында айтылады. Одан кейін сұрақ-жауап үлгісінде пікірсайыс сессиясы болады. Ал дебаттың соңында кандидаттар өз үндеулерін жариялай алады. Тәртіп бойынша кандидаттардың штабынан пікірталасқа екі адам қатыса алады.

Тағы оқыңыз: Орталық сайлау комиссиясындағы таблода әдемі сан пайда болды – фото

Айта кетсек, бұған дейін теледебат парламент депутаттарының сайлауы кезінде ұйымдастырылған. Енді мұндай пікірталастар президенттік сайлау мен мәслихаттар сайлауы кезінде өткізілетін болады.

"Бұрынғы заңға сәйкес, пікірсайыстар мен пікірталастарды өткізу орталық сайлау комиссиясының еншісінде болатын. Қазіргі талап бойынша пікірсайыстарды өткізу бұқаралық ақпарат құралдарына беріліп отыр", - дейді комиссия мүшесі Сүлеймен.

Теледебатты өткізуге жұмсалатын сома әлі де нақтыланады. Қазір арнайы келісімшартты рәсімдеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0