Саясат

"Ауыл" партиясынан сайлауға кім түсетіні белгілі болды

© Sputnik / Абзал Калиев "Ауыл" партиясы
 Ауыл партиясы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ауыл" партиясы алдағы президент сайлауына өз кандидатын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. "Ауыл" партиясы алдағы кезектен тыс президент сайлауына Төлеутай Рақымбековті ұсынып, кандидатурасын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында "Ауыл" партиясының кезектен тыс XV съезі өтті. Съездің күн тәртібінде алдағы кезектен тыс президент сайлауына партия атынан кандидатура ұсыну мәселесі қаралды. 

© Sputnik / Абзал Калиев"Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков
Ауыл партиясынан сайлауға кім түсетіні белгілі болды - Sputnik Қазақстан
"Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков

"Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев партия мерзімінен бұрын президент сайлауына қатысатынын мәлімдеп, президенттікке үміткер ретінде Төлеутай Сатайұлы Рақымбековті ұсынды. Бектаев Төлеутай Рақымбеков қоғамға жақсы таныс, мелекеттік қызметте өзінің ұлтжандылығын көрсетіп, елге деген адалдығымен танылған азамат екенін атап өтті.

"Ақ жол" партиясынан президенттікке кандидат Дания Еспаева

Партия мүшелері президент лауазымына үміткерге түрлі сұрақтар қойды, соның бірі қазақ тілі мен жерге қатысты болды.

"Қазақстанда қазақ тілі бірінші орында тұруы керек", - деді кандидат.

Сондай-ақ, жерді 49 жылға жалға беруді құптайтынын, шетелдіктерге сатылмау керек екенін айтты. Жерді тиімді және дұрыс пайдалану керек деген пікірде.

Перуашев президент сайлауына неге түспегенін айтты

Төлеутай Рақымбеков туралы не білеміз?

Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған.

1986 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасын бітіргеннен кейін, Қарағанды облыстық Жаңаарқа аудандық ауыл шаруашылығы техникалары бірлестігінде инженер болып бастаған.

1992 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысқан.

1999-2001 жылдары – Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары;

2001-2002 жылдары – Жезқазған мемлекеттік университетінің доценті;

Конституциялық кеңес Тоқаевтың өтінішіне байланысты шешім шығарды

2002-2006 жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінде басқарма басшысы, департамент директоры секілді түрлі басшылық қызметтер атқарды;

2006-2007 жылдары – Көлік және коммуникация министрлігі көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;

2007-2009 жылдары – "ҚазАгроИнновация" АҚ президенті;

2009 жылдың наурызынан 2009 жылдың қарашасына дейін – премьер-министр орынбасарының кеңесшісі;

Назарбаев қазақстандықтар жазған хаттар туралы айтты

2009-2011 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

2017 жылдың наурызы мен 2017 жылдың шілдесі аралығында ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.

2019 жылдың сәуір айынан бері – "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ басқарма төрағасы.

Марапаттары

"Құрмет" орденімен, түрлі медальдармен және құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасылық жағдайы

Үйленген, екі қызы бар.

© Sputnik / Абзал Калиев"Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков
Ауыл партиясынан сайлауға кім түсетіні белгілі болды - Sputnik Қазақстан
"Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков

Кезектен тыс президент сайлауы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Үміткерлерді елімізде тіркелген саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.

Кезектен тыс президент сайлауына үкімет резервінен 9,4 миллиард теңге бөлінетін болды. Қаржының негізгі бөлігі республика бойынша құрылатын 10 мың сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға бағытталмақ.

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Президенттікке кандидат тумысынан Қазақстан азаматы, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы болуы тиіс. 

Бұған қоса, президент болып сайлану үшін азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ белсенді сайлау құқығы болуы тиіс.

Сондай-ақ, Қазақстан президенттігіне кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі.

Жаңалықтар
0