Саясат

Алғашқы әйел үміткер: Дания Еспаева туралы не білеміз?

© Sputnik / Абзал КалиевДания Еспаева
Дания Еспаева   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ақ жол" демократиялық партиясы алдағы президент сайлауына Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды

Қазақстанда президенттікке үміткер алғашқы әйел Дания Еспаева 1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы Мәртүк ауданы Яйсан кентінде дүниеге келген.

1982 жылы Алматы есептік-кредиттік техникумды, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1982 жылы КСРО Мемлекеттік банкі Ақтөбе облыстық басқармасы несиелеу бөлімінің экономисі болып бастаған.

Тағы оқыңыз: Бұрынғы парламент депутаты президент сайлауына түседі

Әртүрлі жылдары "Әлем банк" Ақтөбе облыстың басқармасы кредит бөлімінің бас маманы, несиелеу бөлімі басшысының орынбасары, "БТА банк" АҚ корпоративтік бизнес жөніндегі директордың орынбасары, "БТК Банк" АҚ Ақтөбе филиалының директоры, "Қазкоммерцбанк" АҚ Ақтөбе филиалының директоры қызметтерін атқарды.

2016 жылдың наурызынан бері – мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Тағы оқыңыз: Сәдібек Түгел неге президент болғысы келеді?

Банк жүйесінде 1982 жылдан бері жұмыс істеген, бұл саладағы жалпы еңбек өтілі 34 жылды құрайды.

Басқа да қызметтері

2008 және 2012 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

"Атамекен" одағы Ақтөбе филиалы басқармасының мүшесі, Ақтөбе облысы өңірлік үйлестіруші кеңестің мүшесі болды.

Марапаттары

2011 жылы "Құрмет" орденімен, "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен, "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен, "Үздік қаржыгер" қоғамдық медалімен марапатталған.

Отбасылық жағдайы

Екі ұлы мен екі немересі бар.

Жаңалықтар
0