Саясат

Тоқаев Зеленскийді айқын жеңісімен құттықтады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуУкраинадағы президент сайлауының екінші туры
Украинадағы президент сайлауының екінші туры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Украина орталық сайлау комитетінің ақпаратынша, Владимир Зеленский президент сайлауында сайлаушылардың 73,17% даусына ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Владимир Зеленскийге президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым", - деп жазды Тоқаев твиттердегі парақшасында.

Зеленскийдің жеңісі

Айта кетсек, 21 сәуір күні Украинада президент сайлауының екінші туры өтті.

Тағы оқыңыз: Зеленский президент ретінде алға қойған бірінші мақсатын атады

Украина орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, сайлау бюллетеньдерінің 95,06%-і өңделген. Екінші турдың қорытындысы бойынша сайлаушылардың 73,17%-і шоумен Владимир Зеленскийге, 24,66%-і қазіргі президенті Петр Порошенкоға дауыс берген.

Тағы оқыңыз: "Сайлауға түсуіне қарсы болған" Владимир Зеленскийдің әйелі туралы не білеміз?

Львов облысынан басқа, елдегі барлық дерлік сайлаушы өз даусын Зеленскийге беріпті. Ал Львов облысында Петр Порошенко сайлаушылардың 62%-ін, ал Зеленский 34%-ін жинаған.

ОСК мәліметінше, сайлау бюлллетеньдерінің 2,32%-і жарамсыз деп танылды.

Жаңалықтар
0