Саясат

Дариға Назарбаева кезектен тыс президент сайлауы туралы пікір білдірді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоДариға Назарбаева
Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат спикерінің айтуынша, президент сайлауын өткізу туралы шешім дер кезінде қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева кезектен тыс президент сайлауы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Саясат
Дариға Назарбаева президент сайлауына қатыса ма – саясаттанушы пікірі

Сенаттың жалпы отырысында спикер Дариға Назарбаева мерзімінен бұрынғы президент сайлауы туралы сөз қозғады.

"Бұл шешімнің өз уақытында және орынды қабылданып отырғанына сенімдімін. Президент жарлығы қоғамда туындап отырған көптеген сұрақтарға жауап береді", - деді Назарбаева.

Ол қазақстандықтар үшін ең қымбат құндылық бейбітшілік пен тыныштық, экномикалық тұрақтылық аса қажет екенін атап өтті.

"Міне, сондықтан Қазақстан қоғамы Елбасының стратегиялық сабақтастығын заңды түрде қамтамасыз етілуін күтуде. Тәуелсіздік жылдары қазақстандық даму моделі өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін толық дәлелдегені бәрімізге анық. Біз барша әлемге экономикалық өсуді, әлеуметтік тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің айнымас үлгісін кеңінен таныта білдік. Алдағы сайлау біздің халқымыздың даналығы мен көрегендігін тағы да дәлелдейтіні айқын", - деді спикер.

Президент сайлауы: Nur Otan-ның екі басты үміткері бар

Оның айтуынша, президент сайлауы ел дамуына тың серпіліс береді. Бұған қоса, күрделі проблемаларды кейінге қалдырмай, шұғыл шешуге мүмкіндік береді.

"Сайлау науқанын Қазақстан заңдарына сәйкес өткізуге көмектесу біздің абыройлы міндетіміз. Бұл орайда сенат депутаттарының орны ерекше, сіздер жергілікті халықпен және мәслихат депутаттарымен тығыз байланыстасыздар. Халықтың мүддесін қорғайсыздар, проблемаларын білесіздер. Сондықтан сайлау науқаны әрқайсымыз үшін аса жауапты жұмыстар кезеңі болып саналады", - деді ол.

Назарбаева азаматтардың өз еркін ашық білдіруі тәуелсіз Қазақстанның үлкен жемістерінің бірі екенін атап өтті.

Президент сайлауы: үміткердің қазақ тілін білетіні қалай тексеріледі?

"Біздің ортақ міндетіміз Қазақстан президенті сайлауын әділ, заңды және ашық өткізуді қамтамасыз ету болып табылады", - деп түйіндеді сөзін спикер.

Президент сайлауына кім түсе алмайды?

Жаңалықтар
0