Саясат

Президент Тоқаев Ақордада әкімдермен не туралы сөйлесті?

© Sputnik / Ақорданың ресми сайтыҚасым-Жомарт Тоқаев Ақордада әкімдермен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада әкімдермен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Ақордада әкімдермен кездесіп, бірқатар тапсырма берді

АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысқан кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаевтың тапсырмасы: мамырдан бастап қазақстандықтарға 40 мың пәтер беріледі
Жиын барысында премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың, үкімет басшысының орынбасарлары Жеңіс Қасымбек пен Гүлшара Әбдіқалықованың, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың есептері тыңдалды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақты екенін және мемлекеттік бағдарламалардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, кейбір бағыттар бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтты.

"Тұңғыш президентіміз – Елбасының дана саясатының арқасында ең қиын кезеңдерге табысты төтеп беріп, экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз еттік және халықтың әл-ауқатын арттырдық. Қазіргі таңда осы қарқынды сақтауды, жұмыс тәсілдерін жетілдіруді және жүктелген міндеттерді сапалы орындауды қамтамасыз ету қажет. Басты мақсат – азаматтарымыздың әл-ауқатын және болашаққа деген сенімін арттыру", – деді Қазақстан президенті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев үштілділікке қатысты ұстанымын айтты

Басқосу соңында мемлекет басшысы экономиканың өсімін, инвестиция тарту ісін қамтамасыз етуге, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, өңірлердегі инфрақұрылымдық және экологиялық өткір проблемаларды шешуге, су тасқынының алдын алуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге, сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және оны жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтар
0