Саясат

Мамин премьер-министр кеңсесінің жаңа басшысын таныстырды

© Sputnik / Болат ШайхиновҒалымжан Қойшыбаев
Ғалымжан Қойшыбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымжан Қойшыбаев бұл қызметте Дархан Қалетаевты алмастырды

АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дархан Кәлетаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Үкімет кеңсесін бір айдай басқарған Кәлетаев басқа қызметке ауысты

Үкімет басшысы Асқар Мамин премьер-министр кеңсесінің жаңа басшысын таныстырды.

"Үкімет қаулысымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Ғалымжан Тельманұлы президент әкімшілігінде және сыртқы істер министрлігі жүйесінде елші, министрдің орынбасары болып ұзақ жылдар еңбек етті", - деген Мамин оған жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Айта кетсек, бұған дейін премьер-министр кеңсесін Дархан Қалетаев басқарған еді. Қазір ол президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Ғалымжан Қойшыбаев туралы не білеміз?

Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келді. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

  • 1995–2004 жылдары – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі;
  • 2004 жылы — Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы жанындағы өкілетті өкілі;
  • 2004–2006 жылдары — президенті әкімшілігінің бас инспекторы;
  • 2006–2008 жылдары — Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі;
  • 2008–2012 жылдары — Қазақстанның Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Латвиядағы, Эстония және Финляндиядағы төтенше және өкілетті елшісі (қоса атқарушы);
  • 2012–2016 жылдары — Қазақстанның Финляндия мен Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі (қоса атқарушы);
  • 2016 жылдан бастап сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Жаңалықтар
0