05:58 21 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93
Саясат
Қысқа сілтеме алу
506 0 0

Бұған дейін үкімет кеңсесін басқарған Дархан Кәлетаев жаңа қызметке тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Осыдан бір айдай бұрын үкімет кеңсесінің басшысы болып тағайындалған Дархан Кәлетаев жаңа қызметке ие болды. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланған.

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын", - делінген мемлекет басшысының жарлығында.

Дархан Кәлетаевтың өмірбаяны

Дархан Кәлетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдап, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебінде мемлекеттік басқару менеджері мамандығын игерген.

Еңбек жолын 1995 жылы тілдер комитетінің маманы ретінде бастады.

2001-2002 жылдары мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, кейін ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан президенті әкімшілігінің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісі, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2007-2008 жылдары - ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.

2008-2009 жылдары – "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2009-2016 жылдары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылы 1 наурызда Қазақстанның үкімет кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

Кілт сөздер:
жаңа қызмет, кадрлық тағайындаулар, Дархан Кәлетаев
Загрузка...

Басты тақырып