Саясат

Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневҮкімет үйі
Үкімет үйі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Бүгін Қазақстан үкіметінің жаңа құрамы белгілі болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Президенттің жарлығымен Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды. 

Конституцияның 44-бабы 3-тармағына сәйкес Назарбаев тағайындады:

  • Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;
  • Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек - Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;
  • Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары;
  • Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі;
  • Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі;
  • Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі;
  • Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі;
  • Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі;
  • Бердібек Машбекұлы Сапарбаев - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі; 
  • Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының әділет министрі;
  • Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
  • Сапархан Кесікбайұлы Омаров - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі;
  • Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;
  • Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі;
  • Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
  • Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының энергетика министрі.

Жарлықтар қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
0