Саясат

"Бері кел" Назарбаев Смайылов үшін барлық министрді орнынан жылжытты

© Sputnik / Болат ШайхиновӘлихан Смайылов
Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президентке қаржы министрінің шетте отырғаны ұнамай қалды

АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық министрді орнынан ығыстырып, қаржы министрі Әлихан Смайыловқа орын тауып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қызметкерлер - Sputnik Қазақстан
Экономика
Президент министрлерге: Сендер бар болғаны қорқақсыңдар

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы министрінің шетте отырғаны ұнамады. Президент барлық министрді орнынан ығыстырып, Әлихан Смайыловқа орын тауып берді. 

"Қаржы министрі ең шетте отырмауы керек. Оның орны – вице-премьерден кейін. Қаржы министрі әдетте премьер-министрдің орынбасары. Оны қайда отырғызғаныңды қарашы (үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қарап). Хаттаманы кім толтырады? Орныңнан тұр да, бері кел. Қожамжаровтан бастап барлығың бір орынға жылжыңдар. Міне, оның орны. Біздің осындай қарым-қатынасымыздан, қаржы жағы ақсап тұр", — деді Назарбаев зал отырғандарға.

Айта кетсек, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, осы жылға міндеттер айқындалды.

Жаңалықтар
0