Саясат

Назарбаев Трампты АҚШ-тың бірегей президенті деп атады

© REUTERS / Kevin LamarqueНұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президентінің жаңа жыл қарсаңындағы көлемді сұхбатын мемлекеттік телеарналар бүгін сағат 21.30-да көрсетеді

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп туралы пікірін білдірді.  

Қазақстан басшысы америкалық әріптесімен қаңтардағы кездесуі тарихи оқиға болғанын айтты. Президенттің пікірінше, оның тарихилығы сонда, әңгіме "АҚШ-тың жаңа, бірегей президентімен" өрбіген.

Назарбаев Дональд Трамптың бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасы ерекше екенін атап өтті.

"Президенттер бұлай жасаған жоқ", — деді мемлекет басшысы.

Елбасының БАҚ өкілдеріне берген сұхбатынан үзіндіні президенттің баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында жариялады.      

Назарбаев, өзі атап өткендей, осындай кездесу өтуі үшін 20 жыл бойы белсенді жұмыс істеген.

Қазақстан басшысы осы жылдың қаңтар айында АҚШ-қа ресми сапармен барды. Президенттер Ауғанстандағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге және аймақтағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін бастамаларды дамытуға келісті.

28 желтоқсанда сағат 21.30-да мемлекеттік телеарналарда президенттің жаңа жыл қарсаңындағы сұхбаты көрсетіледі. Назарбаев журналистердің сауалдарына жауап беріп, өтіп бара жатқан жылды қорытындылады. Атап айтқанда, ол президент сайлауы тақырыбына және қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әлемдік деңгейдегі танымалдылығына тоқталды.


Жаңалықтар
0