Саясат

Назарбаев: Украина үшін алаңдаймын

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуКиев
Киев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Ресей мен Украина арасындағы кикілжің шешіледі деп үміттенеді

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мен Киев Украина билігі ауысып, Қырымның Ресей құрамына өтуінен кейін пайда болған кикілжіңді реттейді деп үміттенеді.

Президент Украины Петр Порошенко - Sputnik Қазақстан
Саясат
Украина президенті әскери жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды

"Шынымды айтсам, Украина үшін алаңдаймын. Сонда білім алдым, украиндерді жақсы білем, әлі күнге дейін достарым бар. Өзіміздің халық қой. Бір-бірімізді жақсы түсінеміз, жанын түсіне аламыз, әндеріміз де бір, әзілдеріміз де, сөздеріміз де бір. Украинаның Ресеймен, біздің бәрімізбен жақсы қарым-қатынасы қалпына келсе деп тілеймін", — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен бірге Қазақстан президенті мәлімдегендей, Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығыс аумағын жаулап алуды жоспарлаған жоқ, себебі, оның айтуынша, "Ресей әлемдегі территориясы ең үлкен ел".

Естеріңізге сала кетсек, Керчь бұғазында украин әскери кемелерінің ұсталуына қатысты оқиғадан соң Украинада жыл соңына дейін әскери жағдай енгізілді.

25 қарашада Украинаның "Бердянск", "Никополь" және "Яны Капу" кемелері Қара теңіз арқылы Керчь бұғазына беттеп, Ресей шекарасын бұзды.

Әскери кемелер Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметінің шекара қызметі және Қара теңіз флоты кемелері мен катерлерінің тоқтау туралы талабын орындамай, оқыс әрекет жасаған – олар ұсталды. Ресей тарабы қару қолдануға мәжбүр болған.

Жаңалықтар
0