Саясат

"Даналық, сараңдық, көрегенділік". Сұлтанов жаңа қаржы министріне қандай кеңес берді?

© Sputnik / Болат ШайхиновБақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның қаржы министрлігі бір аптадан бері басшысыз отыр

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ізбасарының бойынан қандай қасиеттерді көргісі келетінін айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Бақыт Сұлтанов әкім болған несімен ұнайтынын айтты

"Жаңа қаржы министріне даналық тілеймін, әрине. Себебі бүгінде қойылатын талап та жоғары, қауіп-қатерлер де көп. Елімізді дамыту бойынша қаншама міндеттер тұр. Сондықтан қаржы министрі үнемі әр шешімін ақылға салып қабылдағаны дұрыс. Оның бойында сараңдық та, қыңырлық та, елдің қаржылық жүйесін дамытуға жағдай жасау үшін көрегенділік те болуы қажет", — деді Сұлтанов үкімет кулуарында.

Еске сала кетсек, президенттің жарлығымен 11 қыркүйек күні Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды. Ал қаржы министрлігі бір аптадан бері басшысыз отыр. Елорданың бұрынғы әкімі Әсет Исекешев ҚР президенті әкімшілігін басқарды.

Жаңалықтар
0