Саясат

Бес мемлекеттің басшысы Каспий теңізін ресми түрде бөліп алды

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуКаспий теңізі
Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев әріптестерін Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы тарихи конвенцияның қабылдануымен құттықтады және бұл құжатты Каспий теңізінің "конституциясы" деп атады

АҚТАУ, 12 тамыз — Sputnik. Каспий маңындағы бес мемлекеттің президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды, бұл құжат теңіздің асты мен үстін бөлу туралы мәселеге нүкте қойып отыр, деп хабарлайды Sputnik тілшісі. 

Құжатқа қаласында қол қойылды. Тарихи құжатқа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжанның мемлекет басшысы Ильхам Алиев, Иран президенті Хасан Рухани, Ресей президенті Владимир Путин және Түрікменстанның басшысы Гурбангулы Бердымұхамедов қол қойды.

"Конвенцияға қол қойылумен және осы жерде қол жеткізген барлық келісімдердің басталуымен құттықтаймын", — деді Назарбаев қол қою рәсімі аяқталған соң.

"Конвенцияны Каспий теңізінің конституциясы деп айтуға болады. Құжат теңіз жағалауындағы мемлекеттердің құқықтары мен міндеттеріне байланысты барлық мәселені шешуді көздейді. Сонымен бірге өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді", — деп атап өтті мемлекет басшысы.

Каспийді қалай бөлді?

Бес елдің Каспий теңізі үстінің негізгі аумағы мемлекеттердің ортақ пайдалануында қалады деп келісті. Теңіздің түбі мен байлығы көрші мемлекеттер арасында халықаралық құқық негізінде учаскелерге бөлінеді деп шешілді.

Бұдан бөлек тараптар кеме қатынасы, балық аулау, ғылыми зерттеулер жүргізу және магистральдық құбырлар тарту ережелері бойынша келісімге келді. Барлық жұмыс экологиялық қауіпсіздік жағы ескеріліп жүргізілуі тиіс.

© RuptlyV Каспий саммиті
V Каспий саммиті - Sputnik Қазақстан
1/3
V Каспий саммиті
© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуV Каспий саммиті
V Каспий саммиті - Sputnik Қазақстан
2/3
V Каспий саммиті
© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуV Каспий саммиті
V Каспий саммиті - Sputnik Қазақстан
3/3
V Каспий саммиті
1/3
V Каспий саммиті
2/3
V Каспий саммиті
3/3
V Каспий саммиті

Конвенцияға сәйкес, Каспийде өңірлік державалардан бөлек басқа елдердің қарулы күштерінің болуына жол берілмейді.

Назарбаев Руханимен кездесті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Руханимен кездесті

Теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ондағы ресурстарды басқару жауапкершілігі конвенцияға қатысушы елдердің мойнына жүктеледі.

Сондай-ақ саммит барысында бес елдің ведомство басшылары үкіметаралық келісімдерге қол қойды. Оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, терроризммен, ұйымдасқан қылмыспен күрес және шекара ведомстволарының өзара іс-әрекет етуіне қатысы құжаттар бар.

Жаңалықтар
0