Саясат

Айгүл Құспан Қазақстанның Бельгиядағы елшісі болды

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тағайындалған елшінің бай дипломатиялық тәжірибесі бар, Қазақстанның Франция, Австрия және Литвадағы елшіліктерінде жұмыс істеді

АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Айгүл Құспан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Дана Жүнісова - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Бұл қызметті бұған дейін атқарған Алмас Хамзаев Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарудан босатылды.

Айгүл Құспанның бай дипломатиялық тәжірибесі бар, Қазақстанның Франция, Австрия және Литвадағы елшіліктерінде жұмыс істеді, республиканың сыртқы істер министрлігіндегі Еуропа департаментін басқарды.  


Жаңалықтар
0