13:11 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Саясат
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинян басшылығымен Қазақстан мен Армения қатынасы одан әрі кеңейетініне сенеді

АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына сайлануымен құттықтады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Н.Пашинянның басшылығымен Армения орнықты дамуға және ел тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатты жалғастыра беретініне сенім білдірді.  

"Екі мемлекет арасында қалыптасқан достық пен өзара түсіністік қатынастар Қазақстан мен Арменияның өзара ықпалдастығын дәстүрлі серіктестік рухында кеңейте түсу үшін және халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да берік негіз бола береді деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Кілт сөздер:
Никол Пашинян, Назарбаев, премьер-министр, сайлау, жеделхат, құттықтау
Загрузка...

Басты тақырып