Саясат

"Қазақстан Инжиниринг" басқарма төрағасы ауысты

© Photo : primeminister.kzӘсет Құрманғалиев
Әсет Құрманғалиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын "Қазақстан Инжиниринг" АҚ басшысы қызметін Орман Нұрбаев атқарған еді

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Әсет Құрманғалиев "Қазақстан Инжиниринг" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әсет Құрманғалиев 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1993 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымы мен коммерциялық кәсіпорындарда қызмет еткен.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Саясат
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы тағайындалды

1998 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің Құжаттау департаментінің құқықтық қамтамасыз ету қызметінің офицері болып тағайындалған.

1998–2005 жылдары ҚР қорғаныс министрінің аппаратында жұмыс істеді.

2005–2008 жылдары — ҚР Қорғаныс министрлігінің заң департаментінің басшысы.

2008–2009 жылдары "Нұр Отан" ХДП" ҚБ-де: орталық аппараттың заң департаментінің директоры, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Нұр Отан" фракциясының аппарат басшысы болып еңбек еткен.

2009 жылы — ҚР Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы, алқа хатшысы.

2010–2011 жылдары ҚР қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2011–2017 жылдары "Қазарнаулыэкспорт" РМК бас директорының у.м.а., бас директоры, Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2017 жылдан бастап ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымын атқарды.

Жаңалықтар
0