Саясат

Қазақстан бақытты елдер рейтингінде Өзбекстаннан қалып қойды

© Photo : МПА СНГТМД мемлекеттерінің тулары
ТМД мемлекеттерінің тулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ТМД-дағы ең бақытты ел – Өзбекстан, рейтингте 44-орынға жайғасқан

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бақытты елдер рейтингінде Қазақстан Өзбекстан мен Ресейден кейін 60-орынға орнықты. 

Қазақстандықтар Өзбекстан туралы не біледі? - Sputnik Қазақстан
Видео
Мирзиеёв қазақтардың Өзбекстан жайлы не білетіні туралы видео жариялады
Әлемдегі ең бақытты ел Финляндия болып шықты. Алғашқы ондыққа сонымен бірге Норвегия, Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Канада, Жаңа Зеландия, Швеция мен Австралия кірді.  

Ең бақытсыз елдер – Гаити, Либерия, Сирия, Руанда, Йемен, Танзания, Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы мен Бурунди. 

Қазақстан аталған рейтингте – 60-орында. Өзбекстан 44, ал Ресей 59-орынға тұрақтаған. 

Бақытты елдер рейтингін жасау кезінде азаматтардың өмір сүру ұзақтығы, жан басына шаққандағы ЖІӨ, басқа да экономикалық көрсеткішкер ескеріледі.


Жаңалықтар
0