Саясат

Назарбаев Сағынтаевқа: жақсы баяндадың, бірақ "самокритика" жоқ

© Sputnik / Алексей ДружининНұрсұлтан Назарбаев пен Бақытжан Сағынтаев
Нұрсұлтан Назарбаев пен Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Бүгін Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Елбасыға 2017 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан үкіметінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев: Үкіметтің жұмысына оң бағамды беремін
Баяндама соңында Елбасы Сағынтаевтан соңғы жолдау бойынша бір ай ішінде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады. 

"Соңғы жолдау нәтижесі бойынша үкіметте жалпыұлттық бағдарлама қабылданды. Сала-сала бойынша көрсетілген он тапсырма бойынша әр министрлікке тапсырма берілді, индикаторлар қойылды. Жыл соңына дейін тапсырмалар орындалады", — деді премьер-министр. 

"Жақсы баяндадың, бірақ "самокритика" жоқ", — деп әзілдеді Назарбаев.


Жаңалықтар
0