Саясат

Назарбаев Мұхтар Құл-Мұхаммедті "Нұр Отан" партиясындағы қызметінен босатты

© Photo : Служба центральных коммуникацийМұхтар Құл-Мұхаммед.
Мұхтар Құл-Мұхаммед. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы орталық кеңсесіне келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Президент кортежі 17.00-де партия кеңсесіне келді.

Ақорда баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің Бюро отырысына қатысты.

"Нұрсұлтан Назарбаев атқарған жұмысы үшін Мұхтар Құл-Мұхаммедке алғыс айтып, партия төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырды", — деп хабарлайды Ақорда.

Жаңалықтар
0