Саясат

Қазақстан Қытайдағы қазақтармен мәдени ынтымақтастықты дамытпақ

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚазақтар
Қазақтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таяуда Бейжіңде өткен келіссөздер барысында осындай уағдаластыққа қол жеткізілген

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданымен мәдени ынтымақтастықты дамыту бойынша жоспар әзірленеді. Бұл туралы мәжілісте өткен үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан және Қытай тулары - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әбдірахманов Қытаймен ынтымақтастық қалай дамитынын айтты

"19 желтоқстанда біз Қытай Халық Республикасында Бейжің қаласында сыртқы істер министрліктері арасында министр орынбасарлары деңгейінде.қауіпсіздік мәселелері бойынша келіссөз жүргіздік. Мысалы, келіссөз кезінде біз өз тарапымыздан Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы арасында мәдениет саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайту туралы жоспарын әзірлеу мәселесін көтердік. Осындай бір жобаға Қытай тарапымен кірісеміз", — деді Әбдірахманов. 

Ол шетелдегі қазақ диаспораларының жағдайы министрліктің үнемі назарында екенін атап өтті. 

"Қай жерде, кіммен кездессек те қазақ диаспорасының мәселелеріне үлкен мән береміз. Шетел тарапына қойып отырған мәселелерге әріптестеріміз де түсіністікпен қарап, қолдау көрсетеді", — деді министр.

Жаңалықтар
0