00:36 22 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.71
  • EUR495.53
  • RUB5.99
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Қырғызстандағы президент сайлауы (7)
75 0 0

Қазақстандық саясаттанушы Қырғызстандағы президент сайлауының нәтижесіне қатысты жоғары баға берді

АСТАНА, 16 окт – Sputnik. Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев Қырғызстанда өткен президент сайлауын билік сабақтастығын қамтамасыз етудің керемет әрекеті деген баға берді.

Қырғызстан Орталық сайлау комитетінің алдын ала мәліметтері бойынша, Сооронбай Жээнбековке сайлаушылардың 54,75% өз дауысын берген.

"Бір жағынан алғанда Қырғызстандағы сайлау кезінде Сооронбай Жээнбековтің жеңіске жетуі билік сабақтастығын элитаның шағын бөлігінде емес, керісінше сайлау арқылы сабақтастығын орнатудың керемет мүмкіндігі. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, сайлау кезінде  С. Жээнбеков шамамен 55% сайлаушылардың дауысына иеленді. Осы 55% өзі нақты сайлау арқылы қол жеткізіліп, шынайы көрсеткіш екеніне сенім тудырады", —деп есептейді Сәтпаев. 

Саясаттанушының пікірі бойынша, қырғыздарда көрініс тапқан билік сабақтастығы қашанға дейін жалғасатыны белгісіз.   Іс жүзінде байқалғандай бұрынғы қызметтестер уақыт өте келе бір-біріне нақты қарсылас та болуы мүмкін (мысалы, Алмазбек Атамбаев пен Өмірбеком Бабанов арасындағы келіспеушілік). Сондықтан,  уақыт өте келе Жээнбеков те, кезінде Атамбаев пен Бабанов жасағандай, өзіне тән саяси ойын қалыптастыру мүмкін екеніне ешкім кепіл бола алмайды.


Тақырып:
Қырғызстандағы президент сайлауы (7)
Загрузка...

Басты тақырып