Саясат

Жаңа кедендік кодекс бизнестің мүддесін қорғай ма?

© Photo : МЦПС "Хоргос"Қорғас
Қорғас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметте жаңа кедендік кодекстің жобасы талқыланды

АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" кодекс жобасындағы жаңашылдықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жаңа ұлттық кеден кодексінің жобасы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексінің сілтеме нормаларын ескере отырып әзірленді. Осы кодекс кедендік әкімшілендірудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, кедендік құқықтық қатынастарды нақтылайды. Тәуелсіздік жылдарында жинақталған ең озық құқық қолдану практикасы жаңа кодексте жинақталған", — деп баяндады Бақыт Сұлтанов кодекс жобасы талқыланған үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, кедендік әкімшілендіруді оңайлату жұмыстарына бизнес өкілдері белсенді қатысқан. Министр кодекс жобасына енгізілген кедендік әкімшілендіруді оңайлатудың ең маңызды бес тұсына тоқталды.

жұмыссыздық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Үкімет алдағы бес жылда жұмыссыздықпен қалай күреспек?

"Бірінші, жоғары ұлттық кедендік кодекстің нормаларын ескере отырып бизнес пен кеденнің электронды өзара іс қимыл басымдылығы бекітілді. Тауарларды декларациялау және шығару процесі автоматтандырылатын болады. Тәуекелдер болмаған жағдайда ақпараттық жүйе кедендік декларациялар бойынша шешімді санаулы минуттарда қабылдайтын болады. Бұл ретте декларацияны қараудың ең жоғарғы мерзімі 1 жұмыс күнінен 4 сағатқа дейін қысқартылды. Мұндай жаңалық бизнестің шығындарын елеулі төмендетеді және тауарларды өткізу пунктер арқылы өткізуді жеделдетеді", — деп атап өтті министр. 

Екіншіден, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесі бойынша кеден қызметкерлері транзиттік декларацияны және жолаушылар кедендік декларацияны толтыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл брокерлік компаниялар қызметіне балама болмақ.

"Үшіншіден, "Мемлекет және бизнес әріптестік" принципін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті экономикалық операторлар үшін оңайлатулар қайта қаралды. Енді олар Еуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағында транзит кезінде мәртебесін мойындаумен қосымша оңайлатуларға ие болады. Бұдан басқа, операторларға қатысты кедендік операциялар тікелей олардың қоймасында бірінші кезек тәртібінде жасалатын болады", — деді қаржы министрі. 

Сонымен қатар, алдынғы қатарлы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану және шешу мақсатында электронды кедендік алып жүру енгізіледі. Ол бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген тауарларды физикалық алып жүруді алмастыратын болады.

Үкімет - Sputnik Қазақстан
Экономика
Үкімет: 2017 жылғы төрт айдың қорытындысы бойынша экономикада өсім бар

"Бесіншіден, кедендік әкімшілендірудің төлемдер бөлігі пысықталды, олардың нәтижесі бойынша кедендік  төлемдерді алда болатын міндеттемелер есебіне аванспен енгізу, сондай-ақ оларды кедендік төлемдердің, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде пайдалану мүмкіндігі белгіленді", — деп баяндады Сұлтанов. 

Бұдан басқа, кодекстің жобасында Қазақстан-Қытай жобасы — "Қорғас" шекара маңы ынтамақтастығы халықаралық орталығын дамытуға бағытталған ережелер көзделіп отыр. Осы орталықтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың құрылуын ескере отырып, бизнеспен бірлесіп еркін кедендік аймақ рәсімін қолдану бойынша тәсіл келісіліп, реттелген. 

"Қорғас" ШЫХО аумағында шетелдік тауарларды декларацияламай және кедендік төлемдерді төлемей тұтыну мүмкіндігіне жол берілді. Бұл қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру саласы үшін шетелдік тауарларды қосымша шығынсыз әкелуге мүмкіндік береді. Бажсыз сауда дүкендерінің жұмыс істеу мүмкіндігі ашылады,  онда отандық, сондай-ақ шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға бөлшек саудалап сатуды жүзеге асыруға болады, бұл «Қорғас» ШЫХО-ға туристік қызығушылықты жоғарылатады. Жаңа Кодекс күшіне енген соң біз мемлекеттің және бизнестің өзара іс-қимылының жаңа деңгейіне шығамыз және сыртқы экономикалық қызмет одан да оңайландырылған және реттелген болады деп санаймыз", — деп түйді сөзін Сұлтанов.

Жаңалықтар
0