Саясат

Назарбаев: Қазақстанда диктаторлық немесе автократия - бұл бос сөз

© Sputnik / Михаил ВоскресенскийНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде бүгінгі шарттарға жауап беретін президенттік басқару үгісі, деген сенімде президент.

АСТАНА, 12 жел — Sputnik. Қазақстанда актократиялық немесе диктаторлық басқару үлгісі орнағандығы туралы әңгімелер бос сөз, оны Қазақстандағы өмірді газеттерден ғана білетін адамдар айтуы мүмкін, деп санайды е президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев 25 жыл бұрын қандай еді

"Иә, бізде президенттік басқару. Конституцияда басқарудың президенттік үлгісі екені жазылған. Француздың президенттік билігі қатаңдау. Ал бізде осындай. Оны әртүрлі атайды, тіпті диктаторлық немесе актократиялық дейді. Бұл біздегі жағдайды білмейтін, біздің өмірімізді білмейтін, жалпы ештеңе білмейтін, газеттен оқитындардың бос сөзі", — деді ол жексенбі күні кешке КТК телеарасында көрсетілген "25 kz. Жаңа тарих" деректі фильмі түсірушілеріне берген сұхбатында. 

Қазақстан президенті еліміздегі басқару жүйесінің келешекте қайта қаралуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. 

"Еліміз үшін біздің билік бүгінде қалыпты. Басқа жағдайлар келсе, өзге кезеңге өтеміз — басқа міндеттерді орындау керек болады, сол кезде халық басқасын сұрайды, сонда халықпен бірге не істейтінімізді бақаша шешеміз", — деп атап өтті елбасы.  

Нұрсұлтан Назарбаев елді 1989 жылдан бері басқарып келеді. 


Жаңалықтар
0