Саясат

Трамп Қазақстанның жетістіктерін ғажап деп атады

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев және АНК
Нұрсұлтан Назарбаев және АНК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. АҚШ-тың сайланған президенті Мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан мен АҚШ басшылары жұма күні телефон арқылы сөйлесті.  

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында табыс тіледі.

"Трамп тәуелсіздік жылдарында республикамыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті", — делінген хабарламада. 

Ақ үй - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп президенттігінің алғашқы 100 күніне арналған жоспарды жариялады

Әңгіме барысында әлемдегі және Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Қазақстан Президенті еліміздің ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартып, ядролық қарусыз әлем жолындағы күресті халықаралық қоғамдастықпен бірлесе жалғастыратынын айтты.

Трамп бұл ұстаныммен толықтай келісетінін жеткізді. 

Дональд Трамп. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп АҚШ президенті жалақысынан бас тартпақ

"Жаһандық деңгейде шешілуге тиіс ядролық қарусыздану мен оны таратпаудан асқан маңызды мәселе жоқ", – деді АҚШ-тың сайланған президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Трамптың назарын Ресей мен Америка ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік беретін басты үш салаға аударды. Олар: терроризммен күрес, Украинадағы дағдарысты реттеу және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту.


Жаңалықтар
0