Саясат

Назарбаев Астана атауын өзгерту ұсынысынан бас тартты

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанБәйтерек
Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Астана атауын өзгерту мәселесін нүкте қойды.

АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан елордасы атауын өзгерту ұсынысына қарсылығын білдірді.

"Астана – бұл бренд. Елорда атауын өзгертудің қажеті жоқ", — деді Назарбаев "Россия-24" телеарнасына берген сұхбатында.

"Иә, осында тұрып жатқандықтан, бәрін естіп жүрмін. Қазір де жазып жатыр, ғаламторда айтылуда, бұған жауап беруіме тура келеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы келе жатыр. Бұл бүкіл қазақстандықтардың айтулы мерекесі, ата-бабаларымыздың аңсаған арманының орындалуы, сондықтан бұған қалайша қуанбайсың?", — деді мемлекет басшысы.

Елбасы айтып өткендей, Астанада ХХІ ғасырдағы алғашқы ЕҚЫҰ саммиті, қысқы Азия ойындары өтті, әлемдік және дәстүрлі діндердің съезі тұрақты түрде өткізіліп келеді, келесі жылы Халықаралық маманданлырылған көрме ЭКСПО-2017 болады.

"Мұның бәрі Қазақстанмен байланысты, бірақ бүкіл жерде Астана есімі аталады. Мұны өзгертудің қанша қажеті бар?", — деп сұрады президент.

Жаңалықтар
0