Саясат

Назарбаев құрметіне аталған нысандар

Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне оқу мекемелері, көшелер, гүл түрлері, тау шыңдары, тіпті қалалар да аталған.

АСТАНА, 23 қар — Sputnik.  Қазақстанның парламент депутаттары елорда атауын Нұрсұлтан қаласы немесе Назарбаев қаласы деп өзгертуді ұсынды. Депутаттар бастамасы Қазақстанда 1 желтоқсанда тойланатын Бірінші президент күні қарсаңында кездейсоқ айтылған болса керек.

Мектептер мен университеттер

Қазақстанда Астанадағы беделді университетке Елбасы есімі берілген. Кембридж және Гарвард сияқты университеттермен қатар тұруға мүдделі Назарбаев университеті 2010 жылы ашылған. Мемлекет басшысы – университеттегі жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы.  

© Photo : ҚР президентінің ресми сайтыЕлбасы Назарбаев университеті студенттерімен бірге
Елбасы Назарбаев университеті студенттерімен бірге - Sputnik Қазақстан
Елбасы Назарбаев университеті студенттерімен бірге
 

Ал бұдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан елордасында бірінші Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды, қазірде мұндай білім беру мекемесі еліміздің бүкіл қалаларында бар.

Қызғалдақтар мен хризантемалар 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат: Астана қаласының атауын "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" деп өзгертуге болады

Голландия мен Жапонияда Қазақстан президентінің есімі қызғалдақ және хризантема түрлеріне берілген. Екі елде де гүлдердің жаңа түрлеріне Елбасы есімінің берілуі оның бұл елдерге іссапармен баруына байланысты. Осылайша, 2014 жылы "Қазақстан президенті" атты голланд қызғалдағы пайда болды, ал осыдан бірнеше апта бұрын Жапония еліндегі гүл көрмесінде дәл осындай атпен хризантемалар ұсынылды.

Назарбаев көшелері

Қазақстанда Елбасы құрметіне аталған көшелер жоқ, алайда шетелдерде Назарбаев есімі көшелерге жылма-жыл беріліп жатады. Мәселен, Қазанда жергілікті қазақ диаспорасының өтінішімен Нұрсұлтан Назарбаев көшесі "пайда болды". Ал, Түркияда Қазақстан басшысының есімі төрт қаладағы даңғылдарға берілген. 

Тау шыңы

Назарбаев есімі берілген алғашқы нысандардың бірі – Нұрсұлтан шыңы. Ол Тянь-Шаньның Іле Алатауы сілемінің солтүстігінде орналасқан. 1998 жылға дейін бұл шың Комсомол шыңы деп аталған болатын.

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАбай шыңына шығу сәті
Абай шыңына шығу сәті - Sputnik Қазақстан
Абай шыңына шығу сәті

Қала-ауыл

Генеральный план развития Талдыкоргана и Нуркента - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Нұркент қаласы қандай болады:бизнес орталықтары, театрлар және Жібек жолы

Екі ай бұрын мемлекет басшысы Алматы облысына іссапары барысында жаңа Нұркент қаласының жобасымен танысты. Бұл қала әзірше теміржолшылар ауылы болып саналады. Бірақ, билік органдарының жоспарлауынша, Нұркент "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы жобасының бір бөлігі әрі "Қорғас – Шығыс қақпасының" арнайы экономикалық зонасы ретінде кеңейіп, үлкен қалаға айналады.

Астана қаласының атауы шын мәнісінде өзгертіледі ме, әлде бұл бастама қағаз жүзінде ғана қалады ма, оны мемлекет басшысы шешуі мүмкін. Елбасы бұған дейін мұндай ұсыныстардан бас тартып келген еді.

Жаңалықтар
0